2017 жылы Қазақстан әуежайлары 14,4 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Жолаушыларға қызмет көрсету санының өсімі еліміздің барлық әуежайларында байқалып отыр.
Өткен жылы жолаушылардың басым көпшілігіне Алматы (5,6 млн), Астаны (4,1 млн), Ақтау (1 млн), Шымкент (811 мың), Атырау (754 мың) қаласының әуежайлары қызмет көрсеткен.
2016 жылмен салыстырғанда Астана, Атырау, Шымкент, Орал, Қостанай әуежайлары өсім көрсеткішін жақсартты (30%-ға дейін).
Сондай-ақ, Петропавл әуежайының көрсеткіші 4 есеге артты. Яғни, 4 мыңнан 16,7 мың жолаушыға дейін қызмет көрсетті (2016 жылы әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуға байланысты).
Биыл да еліміздің әуежайлары қызмет көрсететін жолаушылар саны артып келеді.