Еліміздегі әуежайлар жаңғыртылып, ұшақтар паркі жаңартылады

318

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Еліміздегі әуежайлар жаңғыртылып, ұшақтар паркі жаңартылады Фото: Air Astana

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада 20-22 қазан аралығында өтіп жатқан ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстанның ИКАО-мен өзара іс-қимылы, авиациялық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Министр азаматтық авиация саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 2028 жылға дейінгі үш жылдық жоспар шеңберінде әуе қатынасы бағыттарының желісін кеңейту, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін жаңарту және авиация мамандарын даярлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ИКАО-ның сараптамалық қолдауымен 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиацияның басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу