Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды

Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды Фото: gov.kz

"Оның ішінде 25 мың шақырымы республикалық, 71 мың шақырымы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы республикалық жолдардың сапасын 100%-ға жеткізу міндеті қойылғанын атап өтті.

"Көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту транзиттік дәліздер арқылы қамтамасыз етіледі. 8 автокөлік транзиттік дәлізінің жалпы ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды", – деді министр. 

Бірінші дәліз – "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", ұзындығы 2 747 шақырым.  

Екінші дәліз – "Алматы – Қарағанды – Нұр-Сұлтан – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасына дейін", ұзындығы 1 868 шақырым.

Үшінші дәліз – "Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасына дейін", ұзындығы 860 шақырым.

Төртінші дәліз – "ҚХР шекарасынан – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей Федерациясының Омбыға дейінгі шекарасы", ұзындығы 1 116 шақырым.

Бесінші дәліз – "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасына дейін.

Алтыншы дәліз – "Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Атырау – РФ Астраханьға дейін", ұзындығы 893 шақырым.

 Жетінші дәліз – "Атырау – Орал – Саратов", ұзындығы 587 шақырым. 

Сегізінші дәліз – ТРАСЕКА ("Еуропа – Кавказ – Азия" дәлізі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу