Еліміздегі банк секторының пайыздық мөлшерлемелері төмендейді

1082

Еліміздегі банк секторының пайыздық мөлшерлемелері төмендейді

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдағы 5 шілдедегі отырысында базалық мөлшерлемені азайту туралы шешім қабылдануы ықтимал, деп хабарлайды naryk.kz.

Егер осындай шешім қабылданатын болса, елдегі банк секторының пайыздық мөлшерлемелері төмендейді. Бұл несиеге де, депозитке де қатысты, деп хабарлайды қауымдастықтықтың ресми сайты.

Айтпақшы, таяуда қауымдастықтың жариялаған несие және депозит нарығы туралы шолуда екінші деңгейлі банктер қазірдің өзінде депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдап қойғаны айтылады.

Мәселен, Форте банк депозитінің пайыздық мөлшерлемесі теңгемен 13 пайыздан 11,5 пайызға, доллармен 1,5 пайыздан 1 пайызға, ал еуромен 0,25 пайыздан 0,1 пайызға азайтқан.

Альфа банк болса, депозиттің мөлшерін теңгемен 11 пайыздан 10,5 пайызға, ал ВТБ 9 пайыздан 8 пайызға азайтқан.

Өз кезегінде Еуразиялық банк керісінше, депозиттің пайыздық мөлшерлемесін теңгемен 12 пайыздан 13,1 пайызға арттырған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу