Еліміздегі банк секторының жай-күйі қандай?

683

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы мамырда 0,2%-ға азайған. Бұл бағалы қағаздардың 4,9%-ға немесе 372 млрд теңгеге төмендеуімен түсіндіріледі. 

Еліміздегі банк секторының жай-күйі қандай?

2022 жылғы 1 маусымда активтер 37,1 трлн теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігіне сілтеме жасап.   

Бүгінгі таңда елімізде екінші деңгейлі 22 банк бар. Шетелдің қатысуымен жұмыс істейтін 13 банктың 10-ы еншілес банк.

Екінші деңгейдегі банктердің 11,02 трлн теңгеден астам немесе активтердің 29,7%-ын құрайтын өтімділігі жоғары активтерінің елеулі қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Банк секторының міндеттемелері мамырда 0,4%-ға төмендеді. Бұл негізінен клиенттердің салымдарын 2,2%-ға төмендету есебінен болды және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 32,39 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 75,3%-ын немесе шамамен 24,4 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған", – деп жазылған ведомство сайтында. 

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Осы жылдың 5 айындағы банктердің таза пайдасы 504 млрд теңге болып, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға төмендеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу