Бірінші жарты жылдықта банкоматтардың саны 12 мыңнан асты. 2019 жылы мұндай құрылғылардың саны 10,8%-ға аз болған еді. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.
Қазақстандық және шетелдік төлем карталары арқылы қолма-қол ақшаны беру көлемі 2020 жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында 10,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,1%-ға көп.
Төлем карталары бойынша жиынтық айналымнан қолма-қол ақшаны алу мөлшері 59,9%-дан 35,8%-ға дейін қысқарды. Осыдан бес жыл бұрын 90% болған еді.
Қолма-қол ақшаны төлем карталарынан алу операцияларының басым бөлігі банкоматтар арқылы жүргізіледі. Қаңтар және тамыз айлары аралығында оның көлемі 9,6 трлн теңгеге жетті, былтырғыға қарағанда 10,6%-ға артық.
Тағы бір жайт, банкоматтардың үштен бірі Алматы (2,3 мың) мен Нұр-Сұлтан (1,5 мың) қалаларында орналасқан.
Табиғат Нұрболат