Еліміздегі банктердің активтерінің сапасына бағалау жүргізіледі

1287

 Бағалау бірнеше айға созылады.

Еліміздегі банктердің активтерінің сапасына бағалау жүргізіледі

Еліміздегі банктердің активтерінің сапасына бағалау жүргізіп, "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа осындай тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, Ұлттық банк қаржы институттарының активтерінің сапасын тексеруді 2015 жылы жоспарлаған. Алайда содан бері бірнеше рет кейінге қалдырылған. Өткен айда ғана қаржы реттеушісі дайындық жұмыстарына кірісетінін хабарлаған. Бағалау бірнеше айға созылады.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы президентке жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

"Ұлттық банктің жақында шығарған шешімінің қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеме 9% төмендеді. Бұл тартылған қаржының құнын төмендету үшін қосымша мүмкіндік береді және келешекте кәсіпкерлік, әсіресе, шағын бизнес үшін несие мөлшерлемесіне ықпал етеді деп санаймыз. Сіздің Маңғыстау облысына жұмыс сапарыңыздың барысында  берген тапсырмаңызды орындау аясында біз үкіметпен бірлесіп, алғашқы қадамдарды жасадық",­ – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу