Еліміздегі барлық ауылды қажетті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің денсаулық сақтау саласындағы пациенттік ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.  

Еліміздегі барлық ауылды қажетті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отыр Фото: Informburo.kz

Оған медициналық қоғамдастық сарапшылары, ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.

Вице-министр өз сөзінде кездесуге қатысушыларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі іске асыратын ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары туралы хабардар етті.

Ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы, "Дені сау ұлт", "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобалары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары секілді бірқатар құжаттардың мақсаттары мен міндеттері туралы қысқаша айтып берді.

Ол, мысалы, "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын Министрлік әкімдіктермен бірлесіп жобалық тәсілді қолдана отырып іске асырып жатқанын атап өтті. Ұлттық жобаны іске асыру халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған. Ұлттық жобаның іс-шаралары еліміздің азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыруды қамтамасыз етеді - бұл біздің стратегиялық мақсатымыз және оған қол жеткізілетін болады.

Екінші ауқымды жоба - ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша ауыл тұрғындарына медициналық көмектің сапасын жақсартуға арналған. Осы жоба шеңберінде барлық ауылдық елді мекендерді жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын: медициналық пункттерді, ФАП-тарды, дәрігерлік амбулаторияларды салу жолымен медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Вячеслав Дудниктің айтуынша, бұл ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық тексерулердің, скринингтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ауруларды ерте анықтауға және пациентке бағытталған жаңа тәсілдерді - қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді, созылмалы аурулары бар науқастарды сауықтыруды, қалпына келтіруді және медициналық, оның ішінде үйде оңалтуды енгізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу