Еліміздегі барлық мектепке бейнекамера орнатылады

1166

Ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейтілмек.

Еліміздегі барлық мектепке бейнекамера орнатылады

Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен 2020 жыл қолға алынатын әлеуметтік бастамалар туралы баспасөз мәслихаты өтті. Үкімет басшысының орынбасары мемлекеттік бағдарлама аясында елдегі ондаған жоғары оқу орны біріктірілетінін атады.

"2020-25 жылға арналған білім саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдадық. Оның негізгі міндеті – білімнің сапасын арттыру.  Осы уақытта біз 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100% қамтамасыз етеміз. Ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылықты азайтамыз. Апаттық жағдайдағы 121 мектеп пен үш ауысымдағы 37 мектептің барлығын жоямыз. Оған қосымша елді мекендерге интернаттар саламыз.  200-ден астам мектепте спорзалдар пайда болады. Жоғарғы білім саласына бөлінетін қаржы 2 есе, ғылымға берілетін қаржы 7 есе өсетін болады. Кейінгі кезде  Үкіметке көп айтылып жүрген сындар  білім орындарының көбі жеке меншік, олардың сапасының нашарлығына қатысты. Жылдың соңында Үкіметтің комиссиясы құрылды.  Жақында ғана отырысын өткіздік. Қазір 7 жоғары оқу орнын біріктіру жөнінде тапсырма берілді. Әрине біз үшінең үлкен сұрақ  – балалардың, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соған жағдай жасау. Ол үшін біз  бірінші қыркүйекке дейін  барлық мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз етеміз", – деді Бердібек Сапарбаев.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу