Соңғы зерттеулер бойынша, пәтердің шаршы метрі өткен жылмен салыстырғанда жыл басынан бері 2.2%-ға өскен. Дегенмен баспана нарығында әзірге ауқымды өзгерістер байқалмайды, деп хабарлайды altaynews.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың бақылауынша, баспана бағасының тұрақтылығы еліміздің астанасында тіркеліп отыр. Өткен жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда, мұнда пәтердің бағасы 0.05%-ға ғана көтеріген. Ал Қазақстанның мәдени астанасы Алматыда – 3.4%-ға.
2018 жылдың төртінші тоқсанындағы нәтижелер бойынша, пәтер бағасының қымбаттауы жағынан Тараз, Атырау, Көкшетау (+5%) және Шымкент (+5.3%) қалалары көш бастап тұр.
Жалпы Қазақстан бойынша баспана бағасы бір жылда орташа 4.4%-ға өсіп отыр. Алдыңғы орында Алматы (+9.4%), Өскемен(+10.8%) және Шымкент (+16.1%) тұр. Биылғы жылдың соңғы айының өзінде пәтер бағасы орташа 0.6%-ға қымбаттаған.
Үш қалада баспана, керісінше, арзандаған екен: Қызылорда (—3.6%), Актөбе (– 4.1%) және Ақтау (–8.5%). Бұл жыл көлеміндегі нәтиже болса, осы жылдың наурыз айында бағаның төмендеуі Семей(–0.3%), Тараз (– 0.8%) және Қызылорда (– 2.1%) қалаларында байқалып отыр.
Баспанасы ең арзан бес қала:
Қызылорда – 135 675 тг/ш. м.
Актөбе – 148 550 тг/ш. м.
Тараз – 155 475 тг/ш. м.
Семей – 169 050 тг/ш. м.
Павлодар – 175 750 тг/кв. м.
Баспанасы ең қымбат бес қала:
Алматы – 377 000 тг/ш. м.
Нұр-Сұлтан – 332 950 тг/ш. м.
Атырау – 265 075 тг/ш. м.
Шымкент – 226 200 тг/ш. м.
Карағанды – 207 100 тг/ш. м.