Еліміздегі цемент зауытының үлесі 107 мың теңгеге сатылды

931

Еліміздегі цемент зауытының үлесі 107 мың теңгеге сатылды

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында Петропавлдағы Новоишим цемент зауытының 20% үлесі 107 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы LS сайты жазып отыр.  

Сауда бағаны төмендету әдісімен жүргізілді. Үлестің бастапқы бағасы  107 мың теңгені құрады. "Сараптама мен талдау орталығы" ұсынған дерек бойынша, 20% үлестің 2016 жылғы 11 шілдеде бағаланған бағасы 107 мың теңге.

Сатушы  – "Солтүстік" ӘКК. Саудаға Ақмола облысының бір жеке кәсіпкері қатысқан.

Шарт бойынша сауданың жалғыз қатысушысына лотты сатуға рұқсат етілгендіктен, үлес бастапқы бағаға сатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу