Алматы және Щучинск қалаларында орналасқан шаңғы-биатлон кешендері Халықаралық Биатлон Одағының IBU "А" санатын иеленді, деп жазады Olympic.kz.
Яғни, Қазақстандағы екі биатлон стадионы IBU "А" санаты бойынша аккредитация алды.
Енді Қазақстан тарапы IBU бастамасымен ұйымдастырылатын халықаралық жарыстарды өткізуге үміткер бола алады. Оның ішінде, әлем кубогі кезеңдері мен қысқы әлем чемпионаты да бар.
Лицензия 2024 жылдың қараша айына дейін күшін сақтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу