Еліміздегі екі ЖОО-ға жаңа ректор тағайындалды

1054

Еліміздегі екі ЖОО-ға жаңа ректор тағайындалды

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төрағалық еткен, құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кірген комиссия ректорлыққа кандидаттармен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтінім білдірген 10 үміткердің ішінен ЖОО бақылаушылар кеңесі 5-ін Республикалық конкурстық комиссияға ұсынды.   

Әңгімелесу қорытындысы бойынша ЖОО-ды дамыту бағдарламаларын талқылау және конкурстық комиссияның ұсынысымен Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ШҚМУ-ға және Серік Мәуленұлы Өмірбаев СҚМУ-ға министрдің бұйрығымен ректор болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап республикалық комиссия конкурстық іріктеу бойынша бақылаушылар кеңесімен 14 мемлекеттік ЖОО ректорын таңдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу