Еліміздегі екінші деңгейлі банктер жалған есеп беріп келген

701

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер жалған есеп беріп келген

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер табысын көтермелеп, есеп беріп келген. 2015-2017 жылдардағы Қазақстандағы қаржылық тұрақтылық жөнінде баяндаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, соңғы 8 жылда әлемдік нарықта қаржылық тұрақтылықты бағалаудың механизмдері өзгерген.

"Қазақстанда несиелік тәуекел мен банк активтерінің сапасы жөніндегі ақпарат жұтаң. Егер бұл маңызды мәселеге екінші деңгейлі банктер жауапсыз қараса, оларды қадағалау ісі күшейтіледі", – деді Данияр Ақышев.  

"Әрине, қаржылық тұрақтылық туралы есеп қаржы ағынының төмен сырғуына ықпал ете алмасы анық. Қазақстан үшін қаржы жүйесіндегі негізгі тәуекел бекітілген айырбас бағамымен байланысты болып келді. Біз 2015 жылы теңгені еркін айырбас жүйесіне жіберу шешімі дұрыс болды деп айта аламыз. Сол арқылы экономикамыз сыртқы факторларға жалтақтамай, қаржы саласы да тұрақтанып келеді", - дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу