Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Министрлік электр станцияларының техникалық аудитін аяқтады. Келесі негізгі көрсеткіштер бойынша рейтинг қалыптастырылды: тозу, негізгі жабдықтың жарамдық мірзімі, отын шығынының үлестік көрсеткіштері, персоналдың жинақталуы, пайдалы әсер коэффициенті, технологиялық бұзушылықтар және жөндеу бағдарламаларын орындау. KPMG Үндістанның халықаралық кеңесшілері барлық электр станцияларына барды. Қазіргі уақытта қаржылық есеп қалыптастырылуда және әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша материалдар дайындалуда", – деді министр Үкімет отырысында.