Еліміздегі ең көп және аз ақша жұмсайтын өңірлер анықталды

1043

Еліміздегі ең көп және аз ақша жұмсайтын өңірлер анықталды

2016 жылы бір қазақстандық орта есеппен 502,1 мың теңге жұмсады, деп жазады naryk.kz.

Статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға артық.

Өңірлерге жекелей тоқталар болсақ, ең көп ақша жұмсайтын адамдар алматылықтар. Олардың бір жылда жұмсаған 772,6 мың теңгесі республикалық көрсеткіштен тура 1,5 есеге артық. Ал астаналықтар жылына 636,8 мың теңге жұмсайды екен. Үшінші орындағы Қарағанды облысы тұрғындарының жұмсаған қаражаты 603,1 мың теңгені құрады.

Ал ең аз ақша жұсайтын өңірлердің үштігінде Жамбыл облысы (343 мың теңге), Оңтүстік Қазақстан облысы (351,8 мың теңге) және Қызылорда облысы (368,5 мың теңге).

Республика азаматтары орташа есеппен азық-түлікке 229,7 мың теңге жұмсаса, өңірлер бойынша тамаққа ақша аямайтындар алматылықтар (331,8 мың теңге), Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары (253,8 мың теңге) және Маңғыстау облысы халқы (253,7 мың теңге).

Ал тамаққа ең аз ақша жұмсайтындар Жамбыл облысы (179,1 мың теңге), Қостанай облысы (179 мың теңге) және Оңтүстік Қазақстан облысы (174,6 мың теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу