Еліміздің жоғары оқу орындарындағы ең қымбат мамандықтардың рейтингі жасалды. Онда "Заңтану", "Кеден ісі" және "Қаржы" мамандықтары үштікте тұр, деп хабарлайды Atameken Business.
Бір жылдық оқу жылы ішінде осы мамандықтар бойынша студенттер 420 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ақы төлеп оқиды.
Төртінші және бесінші орындарда "бухгалтерлік есеп және аудит", "Экономика" "Менеджмент", "Маркетинг" сондай-ақ, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" кіреді. Аталған мамандықтарды ақылы оқу құны 1млн 25 мың теңгеге дейін жетеді.
Топ-10-ның тізіміне әХалықаралық қатынастарә, "Халықаралық құқық", "Әлемдік экономика", "Аймақтану", "Ақпараттық жүйелер" және "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кіреді. Бұл мамандықтарды оқу үшін талапкерлерге 510 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін қаржы жұмсауға тура келеді.
Осы ретте Алматы және нұр-сұлтандық ЖОО-да білім беру бағасы облыстарға қарағанда айтарлықтай жоғары.