Аталған жүргізушілер Астана, Алматы, Семей, Атырау, Тараз және Шымкент қалаларында тұратын болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл бойы жол ережесін бұзбай, жолда жауапкершілікпен қозғалып, ережені бұлжытпай сақтаған азаматтарға бір жылдық КАСКО сақтандыру полисі табысталды.
"Биыл елімізде ҚР Ішкі істер министрінің бастамасымен құқықбұзушылықтың алдын алу жылы деп жарияланды. Ал бұл бірлескен акция – көлік тізгінінде күн сайын жауапкершілік танытып жүрген азаматтарға қолдау көрсетуге керемет мүмкіндік. Мұндай бастамалар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып қана қоймай, саналы мінез-құлық пен өзара құрметке негізделген жаңа жол мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Профилактика дегеніміз – тек бақылау емес, сонымен қатар қолдау", – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова.
Акцияны ұйымдастырушы – жолдағы мәдениетті көтеруді мақсат еткен Sergek компаниясы.
"Бастапқы мақсатымыз – жолдағы жауапкершілікті бағалау. Бұл акция – жай ғана алғыс айту емес, жаңа көзқарастың басы. Қауіпсіз жүргізу – бұл енді ерекшелік емес, күнделікті қалыпты құбылысқа айналуы тиіс, – дейді компания өкілдері.
Айта кетейік, тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру жүйесі әлемнің бірқатар елінде де сәтті қолданылады.
Мысалы, Германияда сақтандыру төлеміне жеңілдіктер қарастырылса, Сингапур мен Канадада жол ережесін сақтаған жүргізушілер үшін арнайы марапаттау бағдарламалары бар.