Еліміздегі ең жас әкім кім?

3484

Өңір әкімдерінің орташа жасы – 55.

Еліміздегі ең жас әкім кім?

Республика бойынша ең жас әкім Шымкент қаласының басшысы - Мұрат Әйтенов. Оның жасы 40-қа жақындаған. Ал ең жасы үлкен әкім Алматы облысын басқаратын - Амандық Баталов. Өңір басшысы 68 жаста, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-тің жүргізген арнайы зерттеуіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша елдегі облыс әкімдерінің орташа жасы – 55. Қазақстанның 17 аймағының тек біреуін ғана әйел адам басқарады. Ол 56 жастағы Қызылорда облысының әкімі – Гүлшара Әбдіхалықова. Оның аймаққа басшылық еткеніне бір жылдан асты. Өңір әкімі өткен жылдың наурыз айының соңында қызметіне кіріскен еді.

Ал Мұрат Әйтенов қызметіне 38 жасында келді. Оның Шымқалаға басшылық еткеніне – 1,3 жыл болды. Шаһар басшысы өзінің қызмет жолын 2004 жылы бастаған. Алғашында ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс департаментінің кезекші ауысымының аға инженері-бастығы болып жұмыс істеді. Ал арада 16 жылдай уақыт өткен соң Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ал еліміздегі ең жасы үлкен әкім Амандық Баталов Алматы облысын 2014 жылдың 20 тамызынан бастап басқарады. Шамамен аталған өңірге басшылық еткеніне 7 жыл болды. Ол 62 жасында облыс әкімі қызметін қабылдаған. Ал еңбек жолын 1981 жылы аға прораб, бас инженер, "Алмаатаотделстрой" СМУ-37 тресінің бастығы қызметтерінен бастаған. Осылайша 33 жылдан кейін ол Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қарт әкімдердің қатарында Бердібек Сапарбаев бар. Ол Жамбыл облысының басшылығына келгенде 67 жаста болды. Оның бұл лауазымда қызмет еткеніне - 1,2. Қазір әкім 68-де. Еңбек жолын 1969 жылы Қызылорда облысы, Янықорған ауданындағы Задаринский совхозында жұмысшы болып бастаған.  Араға 51 жыл салып Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Өңірге ең ұзақ басшылық еткен – Алматы облысының әкімі. Амандық Баталовтың аймақты басқарып отырғанына 6,7 жыл болды. Ал ең аз - Қызылорда облысының әкімі. Гүлшара Әбдіхалықованың қызметіне кіріскеніне 1,1 жылдан асты. 

Әкімдердің барлығы дерлік - қазақ және орыс тілінде сөйлейді. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарының басшылары ағылшын тілінде де сөйлейді.  Ал Жамбыл облысының әкімі түрікшені де меңгерген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу