Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады

488

Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілішісі. 

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы", – деді Президент. 

Осы тұста Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейтіп, ревакцинация науқанын жандандыру керектігін атап өтті. 

"Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу