Ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі

7582

Бұл жұмыс қашаннан бастап іске асады?

Ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі Фото: inbusiness.kz

Елімізде енді ескі көліктерге салынатын салық төмендеуі мүмкін. Тіпті қолданылуы 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50 пайызға төмендетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер шешіледі. Мәселен, жаңа Салық кодексінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ, қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50 пайызға төмендетілетін болады", – деді Азамат Әмрин.

Сонымен қатар, оның дерегінше, "сән-салтанат" заттарына жоғары салық салу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін мыналар ұсынылады:

- жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі;

- кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу;

- қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.

Осыған дейін Үкіметтің 1,3 трлн теңгеден астам сомаға 110 салықтық жеңілдікті алып тастағалы отырғанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу