Еліміздегі халық саны 18 миллионға жуықтады

980

Еліміздегі халық саны 18 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады. Мұндай деректі ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"2017 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар саны - 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар саны - 7 649,1 мың адам. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға, яғни 1,4 пайызға өсті", делінген комитет ақпаратында.

Сонымен қатар, аталған ведомство мәліметінше, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 121,5 мың бала дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7,4 пайызға кем.

Ағымдағы жылдың 4 айында республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 10,4 пайызға кеміп, 77,2 мың адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 44,3 мың адам. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5 пайызға кем.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу