Еліміздегі инфляция сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады

502

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді.

Еліміздегі инфляция сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады Фото: google.com

Оның сөзінше, Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін (21,3%) сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулаған.

"Бұл Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді. Оған азық-түлік бағасы айтарлықтай үлес қосып, жылдық мәнде 17,9%-ға дейін баяулады", - деді ол.

Оның сөзінше, ақылы қызметтердің инфляциясы 13,7%-ға дейін баяулады. Ал, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға индексі 18,2%-ға өсті.

"Жылдық инфляцияның баяулауына қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіштері құбылмалы болып, сәуір айында әлі де 2017-2021 жылдар аралығындағы орташа мәннен асып отыр. Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың үздіксіз ұлғаюы, сонымен бірге, жанар-жағармай нарығы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтерінде уақыты келген реформаларды іске асыра бастау түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар сақталып, жүзеге аса бастады. 

Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтауды айқындайды", - деп қорытындылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу