"Астанаэнергосервис" АҚ, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "АЭСК" ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында электромобильдердің үздіксіз жүріп-тұруы үшін қажетті инфрақұрылым құру үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл туралы "Астанаэнергосервис" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Энергиямен жабдықтаушы "АЭСК" ЖШС ұйымы электромобильдерді қуаттау станциялары үшін электр энергиясын жеткізуші оператор болып белгіленді. Қазіргі таңда "Оператор РОП" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.
Оператор РОП ҚР энергетика министрлігімен бірлесіп Астана мен Алматыда 100 электрмен қуаттаушы станциялар және аталған қалалар аралығындағы жол бойынан 20 ЭҚС салудың пилоттық жобасын әзірлеп қойды.
РОП операторы жүзеге асыратын пилоттық жобаны шеңберінде инвесторлармен Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Астана-Бурабай, Астана – Қарағанды – Алматы қалааралық жолдарында электрмен қуаттау станцияларын орналастыру жұмыстар жүргізілуде.