Еліміздегі қаржылық сауаттылық деңгейі қандай?

1069

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бағалауы бойынша Қазақстанның көрсеткіштері ТМД-да нашар емес және Ресейдің көрсеткіштерімен сәйкес келеді. 

Еліміздегі қаржылық сауаттылық деңгейі қандай? Фото: FinGramota.kz

Еліміз Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Әзірбайжанды басып озғанымен, Беларусь, Молдова және Өзбекстанмен салыстырғанда көрсеткіштері төмен, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдегі қаржылық сауаттылықтың орташа балы – 12,5.

Жалпы алғанда ТМД-ға кірмейтін 26 ел бойынша орташа балл 12,7 болды, оның ішінде OECD-ға қатысушы 12 ел ішінде – 13 балл, ал ТМД елдерінің орташа көрсеткіші – 11,7. Өкінішке қарай Австрия (14,4), Германия (13,9) сияқты дамыған елдермен салыстырғанда еліміздің көрсеткіштері төмен, ТМД бойынша да ауыз толтырып айтарлықтай емес.

Айта кету керек, халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейіне баса назар аударатын "Қаржылық білім берудің ұлттық стратегиялары" (2012 жыл), сондай-ақ "Цифрлық қаржылық қолжетімділік" (2016 жыл) сияқты параметрлер G20 елдерінің басшылық қағидаттарының қатарына кіреді.

Ресурстың жазуынша, жасөспірімдердің қаржы әлеміне уақытылы бейімделуі – олардың табысты болашағының сенімді кепілі.  

Бүгінде  елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған бірқатар қаржылық өнімдер бар. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған төлем карталары (дербес немесе ата-аналардың шоттары), тұрғын үй балалар депозиттері, кәмелетке толмағандарға арналған банктік депозиттер және т.б. бар. Осы жылдың басында елімізде 16 жасқа дейінгі балалар саны 6,3 млн адамға жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 4,8%-ға артық. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу