Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі колледждердің 5 200 оқытушысы біліктіліктерін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті, деп жазады inbusiness.kz.
"2021 жылы Білім және ғылым министрлігі колледж оқытушыларының жаңа технологияларды аудиторияда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелердің базасында оқыту үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізген болатын. Бүгінгі таңда педагогтер "АрселорМиттал" АҚ, "АгромашХолдинг" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "ҚазАтомӨнеркәсіп" МАЭК, "Астана электротехникалық зауыты" ЖШС және т.б. кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті", – деп жазылған БҒМ хабарламасында.
Тағылымдамадан тек педагогтер ғана емес, колледж басшылары да өткен. Мұндай оқыту форматы биыл да жалғасын таппақ.