Еліміздегі көптеген жылыжайлар банкротқа ұшырауы мүмкін

Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы қазақстандық базарлар мен дүкендердің сөрелеріндегі барлық жылыжай көкөністерінің 76,3%-ын қамтамасыз етеді. 

Еліміздегі көптеген жылыжайлар банкротқа ұшырауы мүмкін Фото: foodindustry.kz

Соңғы бір жылда Қазақстанда жылыжайлардың ауданы 18,1%-ға қысқарды, деп хабарлады energyprom.kz. 

Мұндай нысандарға бөлінген 1,5 мың гектарға жуық жердің 1,2 мың гектары ғана пайдаланылады. Онда көкөніс, көшет және гүл өсіріледі. 

270,5 гектар аумақты құрайтын кешендер мақсатты түрде жұмыс істемейді.

Теріс көрсеткіштерге шаруа қожалықтарындағы жылыжай алаңдарының қысқаруы әсер етті: 2022 жылы – 210,3 га немесе 24,7% азайды. 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ірі өнеркәсіптік жылыжайлары да пайдаланатын аумақтар қысқарды. Оның алаңы 43 га, немесе 16,4%-ға азайды. 

Бұл жағдай, күткендей, жылыжайдан жалпы өнім алуға әсер етті. 2022 жылы жабық қияр мен қызанақтың жалпы өндірісі небәрі 182,4 мың тоннаны құрады, бұл жылыжай фермерлері 256,5 мың тонна өнім жинаған 2021 жылмен салыстырғанда үштен біріне дерлік аз.

Қазақстандағы жылыжай көкөністерінің негізгі жеткізушісі оңтүстік болып табылады. Климаттық жағдайларға байланысты олар үшін қысы қатты болатын солтүстік пен шығысқа қарағанда жабық кешендерде егін өсіру арзанырақ. Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы қазақстандық базарлар мен дүкендердің сөрелеріндегі барлық жылыжай көкөністерінің 76,3%-ын қамтамасыз етеді. Мұнда Түркістан облысының шаруалары көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу