Қазақстанда қабылдау бөлімінің дәрігері мамандықтары пайда болады. Бұл туралы президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды baribar.kz.
"Халықаралық тәжірибеде қабылдау бөлімінің дәрігерлері арнайы даярланады. Олар барлық алғашқы көмекті көрсете алатын болады", - деді министр.
Қабылдау бөлімі дәрігерлерінің міндеті – уақытылы жедел медициналық көмек беру. Сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттердің жай-күйін тұрақтандыру үшін алғашқы реанимациялық және басқа да ем-дом шараларын қолдану жатады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу