Еліміздегі медициналық әлеуметтік мекемелерге 460-тан астам тексеру жүргізілген

784

Нәтижесінде жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге 71 әкімшілік айыппұл салынды.

Еліміздегі медициналық әлеуметтік мекемелерге 460-тан астам тексеру жүргізілген

2021 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары медициналық-әлеуметтік мекемелерге "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңдардың сақталуына 469 тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 379 ұйғарым, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында 70 ұйғарым шығарылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге 71 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында 335,4 мың теңге сомасында айыппұл бар", – деді Анархан Дүйсенова.

Оның айтуынша, осы салаға тән заң бұзушылықтардың ішінде мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен уақтылы қамтамасыз етпеу, арнаулы әлеуметтік, медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің кепілдік берілген көлемін толық немесе сапасыз көрсету, сондай-ақ тамақтану нормаларының сәйкес келмеуі және тағы басқалары. 

"Мысалы, балалар орталықтарының қызметін кешенді тексеру қолданыстағы заңнама нормаларының барлық жоғарыда айтылған бұзушылықтарын, бұрын анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылаудың әлсіздігін және уәкілетті атқарушы органдар тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігін анықтады", – деп мәлімдеді Еңбек комитеті төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу