Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифинг барасында биыл бағасы сән мәрте құбылған "қара алтын" тақырыбына тоқталды. Оның сөзінше облыстағы өнеркәсіптік өнімдегі мұнайдың үлесі 88%-ды құрайды. Биыл Атырау облысында 39 млн 300 мың тонна мұнай өндірілген. Бұл жалпы елімізде өндірілген мұнайдың 55%-ы.
"Облыста мұнай-газ саласы бойынша бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Солардың ең ірісі – Теңіз кен орнын кеңейту жобасы. Оның жалпы құны – 46 млрд доллар. Бұл жоба мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді", – деді Махамбет Досмұхамбетов.
Теңіз кен орнын кеңейту жобасына үш жүзге жуық қазақстандық компания жұмылдырылған. Қазір мұнда 27 мың адам жұмыс істеп жатыр. Аталған ірі жоба 2020 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінде оның 80%-ы дайын.
"Мұнай-газ саласындағы тағы бір ауқымды жоба Қашағанның да маңызы күннен күнге артып келеді. Онда осы жылы 12 млн 700 мың тонна мұнай өндірілді", – деді Махамбет Досмұхамбетов.
Құралай Құдайберген