Еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшері белгілі болды

598

Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

Еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшері белгілі болды Фото: Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақы туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 12,3%-ға өсіп, 382279 теңгені құрады.

Биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.

"Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады", - делінген түсініктемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу