Еліміздегі орташа жалақы 423 мың теңгеден асты

119

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы I тоқсандағы жалақы көлемін атады.    

Еліміздегі орташа жалақы 423 мың теңгеден асты Фото: naryk.kz

2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 10,7%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,2% құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық бюро мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақының орташа деңгейі) 300 307 теңге болды. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 10,7% артық.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% саласында байқалды. Сонымен қатар Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында 19,4%, Қостанай облысында 14,6%, Алматы қаласында 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді.

"Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – орташа республикалық деңғейден 2,3 есе жоғары, ақпарат және байланыс – 2,0 есе сәйкесінше болып тіркелді", - делінген бюро ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу