Еліміздегі орташа жалақы мөлшері белгілі болды

389

  Орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркеліп отыр.      

Еліміздегі орташа жалақы мөлшері белгілі болды Фото: gov.kz

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы IV тоқсанда 393 605 теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда 16,2%-ға артық. Өсім нақты мәнде 5,3% болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жалақының медианалық мәні 2023 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 259 463  теңге болды. Сәйкес кезеңде орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты.

“2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%, ақпарат және байланыс – 23,2%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,8%, салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 18,6%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 18,2% құрады. Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,5%-ға. Ең төменгі өсімі Атырау облысында байқалды – 6,4%-ға”, - делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас былтырғы төртінші тоқсанда 2,1 есе болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу