Еліміздегі сайлау комиссияларының құрамы 40 пайыз жаңартылды

1056

Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысында өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындысы баяндалды.

Еліміздегі сайлау комиссияларының құрамы 40 пайыз жаңартылды

Жаңадан сайланған адамдардың 70 пайыздан астамының сайлау учаскелерінде жұмыс тәжірибелері бар. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы барысында сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Айтуынша, 2014 жылмен салыстырғанда комиссиялардың саны 3105-ке азайған.

Бұдан бөлек жиында өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындысы баяндалды. Былтыр сайлау комиссиясында 15 отырыс өтіп, 37 шешім қабылданған. Сонымен қатар 14 заң актісі әзірленіп, оның 13-і үкіметтің қаулысымен, ал біреуі мемлекет басшысының жарлығымен бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу