Еліміздегі "Сбербанктің" басшысы ауысты

759

Жаңа басшы банкті соңғы 7 жылда басқарып келген Александр Камаловты ауыстырады.

Еліміздегі "Сбербанктің" басшысы ауысты

"Сбербанк" АҚ ЕБ басқармасына жаңа төраға тағайындалды. Бұз қызметке банк басшысының бірінші орынбасары Елдар Теңізбаев келді, деп хабарлады қаржы институтының баспасөз қызметі.

"Сбербанктің" Қазақстандағы еншілес банкі – "Сбербанк" АҚ-ның директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырыста банктің басқарма төрағасы етіп Елдар Теңізбаевті тағайындады. Қазіргі уақытта Елдар Теңізбаев басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаруда және жаңа міндетіне 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап кіріседі",– делінген таратылған ақпаратта.

Жаңа басшы банкті соңғы 7 жылда басқарып келген Александр Камаловты ауыстырады.

30-дан енді асқан Елдар Теңізбаев әр жылдары "Қазақстанның даму банкінде", "БРК-Лизинг" АҚ-да, "Қазтеміртранс"АҚ-да жұмыс істеген. "Сбербанк" құрылымында 2012 жылдан бастап еңбек етуде.

Елдар Теңізбаев Республикалық физика-математикалық мектебін, сондай-ақ Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Cass Business School, City University London бітірді. Қаржы және халықаралық бухгалтерлік есеп саласында MBA және MSc дәрежесі бар, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу