Еліміздегі тәртіп сақшыларының зейнетке шығу жасы ұзартылуы мүмкін

1372

Еліміздегі тәртіп сақшыларының зейнетке шығу жасы ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

Еліміздегі тәртіп сақшыларының зейнетке шығу жасы ұзартылуы мүмкін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әзірге бұл мәселе қаралып жатқанын айтады. Ал егер жоспар іске асса, онда майор шеніндегі қызметкерлерге зейнеткерлік жасты 52 жасқа дейін көтерілмек. Подполковниктер үшін - 55 жас, полковниктер үшін - 58 жас қарастырылып жатыр. Ал жоғары басшылық құрам, яғни генералдар еңбек демалысына 63 жаста ғана шыға алады.

Айта кетейік, қазіргі кезде ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы 45-тен бастап 55-ке дейін бекітілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу