Еліміздегі тау-кен металлургия секторындағы ірі кәсіпорындар 5,3 трлн теңгенің тауары мен қызметін тұтынады

Оның айтарлықтай бөлігін импорттық тауарлар құрайды. 

Еліміздегі тау-кен металлургия секторындағы ірі кәсіпорындар 5,3 трлн теңгенің тауары мен қызметін тұтынады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары  Мұрат Амрин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласы отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынуда айтарлықтай әлеуетке ие. Жыл сайын тау-кен металлургия секторындағы ірі кәсіпорындар (ERG, Қазақмыс, Қазцинк, Kazmi633,nerals) 5,3 трлн теңгенің тауарлар, жұмыстар, қызметтерін сатып алады, оның айтарлықтай бөлігін импорттық тауарлар құрайды", – деді спикер.

Сондықтан құзырлы органдар бұл саладағы жергілікті қамту үлесін арттыруға мүдделі.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша, тау-кен өнеркәсібі және металлургия секторында тауарлар мен қызметтерді пайдалану көлемі 9,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде импорттық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді пайдалану 1,2 трлн теңгені (13%) құрады. Сонымен қатар, бұл отандық тау-кен және металлургия секторы өнімдерін пайдалану 7,9 трлн теңгені (87%) құрайды дегенді білдірмейді, өйткені мұнда жергілікті қамту үлесі ескерілмейді", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу