Еліміздегі теміржол ауруханалары саудаға қойылып жатыр

900

Еліміздегі теміржол ауруханалары саудаға қойылып жатыр

Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңі шеңберінде әр өңірде орналасқан 13 теміржол ауруханасы саудаға шығарылуда, деп хабарлайды LS.

Мемлекеттік мүлік комитетінің мәліметі бойынша, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Семей, Орал, Қарағанды және тағы бірқатар қаладағы теміржол ауруханалары сатылатын болып шешілді.

Олардың арасында құны ең қымбат лот Алматы теміржол ауруханасы болып отыр. Оның бағасы 2,3 млрд теңгеге жуықтайды. Сондай-ақ Ақтөбе (919 млн теңге), Қызылорда (795 млн теңге) және Атырау ауруханалары (755,8 млн теңге) осы тізімнен табылған.

Құны ең арзаны – Орал (3,4 млн теңге) және Семей теміржол ауруханалары (191,8 млн теңге). Барлығы 13 лот биылғы 3 шілдеде саудаға қойылады.

Аталған лоттарда өзге, сол күні ТЖ комитетінің құны 3,7 млрд теңге болатын оқу-клиникалық орталығы да саудаға шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу