Еліміздегі теміржол вокзалдарында қол жүктері тексерілетін болады

850

Еліміздегі теміржол вокзалдарында қол жүктері тексерілетін болады

Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалдарында қол жүктері мен багаждарын тексеру жұмыстары кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Бұл туралы толық мәлімет ҚР инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Аталмыш шара Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап қолданылуда. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында жүзеге аса бастады. Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу