Еліміздегі үш ірі банк әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

1639

"Әскерилер үшін "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. 

Еліміздегі үш ірі банк әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

Қазақстанның 3 банкі – "ЦентрКредит", "Сбербанк" және Halyk bank қолданыстағы "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жобаны іске қосты. Бұл туралы "Баспана" ипотекалық ұйымы хабарлады.

"Әскерилер үшін "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. Бірақ әскерилер мен арнайы органдар қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артып отыр",– делінген хабарламада.

Ипотекалық қарыз алу үшін әскери қызметші уәкілетті органдар тарапынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы керек. Содан кейін үш банктің кез келген біреуінде тұрғын үй төлемдерін есепке алу үшін арнайы ағымдағы шот  ашады, сондай-ақ банктер талап ететін өзге де құжаттарды көрсетеді.

Еске сала кетсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 7%, бастапқы жарнасы 20%-дан басталады, кредиттеу мерзімі 25 жылдан аспайды. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер бастапқы тұрғын үй нарығында ғана, пайдалануға берілген үйлерден сатып алынады.

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. "Баспана Хит" бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу