Еліміздегі зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн теңгені құрады

1055

Еліміздегі зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн теңгені құрады

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд теңгеге көбейді, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 7kun.kz.

2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. 2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд теңге болды.

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд теңге болды.

2016 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік (6,2% инфляцияға сәйкес) 7,7% болды.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы 142,6 млрд теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд теңгені құрады.

Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу