Еліміздегі жалғыз метрополитен 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған

261

Алматы метрополитенінің ашылғанына 14 жыл толды.  

Еліміздегі жалғыз метрополитен 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған Фото: metroalmaty.kz

Осы жылдар ішінде метро қала тұрғындары мен қонақтарына жылдам, қауіпсіз және экологиялық таза тасымалдау қызметін көрсететін ең маңызды әрі сенімді қоғамдық көлік түрлерінің біріне айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желі іске қосылғалы метрополитен 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, ал күн сайын жерасты көлігі 120 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

Метроның үздіксіз жұмысын 1500-ден астам маман қамтамасыз етеді. Олар: машинистер, инженерлер, диспетчерлер, кассирлер, станция кезекшілері, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және басқа да көптеген кәсіби мамандар.

Алматы метрополитені белсенді дамуын жалғастыруда. Батыс бағытында желіні кеңейту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта "Қалқаман" станциясының құрылысы аяқталуға жақын, сондай-ақ "Барлық" базарына дейінгі тағы 3 станцияның жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Метрополитенді дамыту қаланың көлік жүйесін жақсартуға, халықтың мобильдігін арттыруға және жайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу