Еліміздегі жанармай құю бекеттерінен сапасыз бензин анықталды

1071

Қазақстанда жүргізілген зертханалық тексеру барысында автомобиль бензинінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін 3 жағдайы тіркелді.  

Еліміздегі жанармай құю бекеттерінен сапасыз бензин анықталды Фото: Алексей Старков

Екі сынамада бензиннің октан саны көрсетілген мөлшерден төмен болып шықса, тағы бір сынамадан күкірт мөлшерінің шамадан тыс көп екені анықталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері жанармай құю бекеттерінде 55 бақылау шарасын жүргізген. Бақылау мақсатындағы сатып алу кезінде мамандар бензиннің 22 сынамасын зертханаға алған.

  • Қызылорда облысында АИ-95 ретінде сатылған бензиннің октан саны небәрі 92 болған. Ал Алматыда АИ-100 бензинінің көрсеткіші белгіленген ең төменгі 100-дің орнына 99 болып шықты.
  • Жетісу облысында К4 экологиялық класындағы АИ-92 бензинінің бір келі құрамынан 105 миллиграмм күкірт анықталған. Рұқсат етілген шекті мөлшер – 50 миллиграмнан аспауы тиіс. Осы заңбұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, 195 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Октан саны талапқа сай келмеген бензин партияларын сатуға тыйым салынды. Олардың жалпы құны 5 млн 764,5 мың теңгені құрайды.

Алайда ведомство сынамалардың нақты қашан алынғанын жариялаған жоқ.

Сондықтан анықталған заңбұзушылықтардың 2026 жылдың тамызында жүргізушілер тарапынан жаппай түскен жанармай сапасына қатысты шағымдармен байланысы бар-жоғын әзірге анықтау мүмкін болмай отыр.

Қазір аумақтық департаменттер жанармай сапасына қатысты 12 өтінішті қарап жатыр. Оның 9-ы Астанадан, екеуі Солтүстік Қазақстан облысынан және біреуі Павлодар облысынан түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу