Еліміздегі жетекші әуе компаниялары бөлінуі мүмкін

Бұл әуе қатынасы нарығында бәсекені арттыру үшін жасалмақ. 

Еліміздегі жетекші әуе компаниялары бөлінуі мүмкін Фото: ForumDaily New York

Осы тақырып турасында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты.

"Азаматтық авиация нарығында бір ортаға шоғырлану байқалады. "Air Astana" компаниясы қызметіне мемлекеттің қатысу үлесі - 76%. Бұл ашық аспан режимін реттейтін ақпараттың шектелуіне, авиаотын сатушылар арасында бәсекелі ортаның болмауына, жоғары баға, отын жетіспеушілігіне және әуежайды пайдаланушылар тарапынан шектеулерге әкеліп отыр", - деді Рустам Ахметов.

Сондықтан осы мәселені шешу бойынша бірқатар іс-шараны қарастырып отыр. Біріншіден, әуекомпания активтерін жекешелендіру нарығында мемлекеттің қатысу деңгейін төмендету көзделген.

"Әуе қатынасы нарығында бәсекелестікті арттыру үшін жетекші авиакомпанияларды бөлу, шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін 2028 жылға дейін ашық аспан режимінің мерзімін ұлғайту және авиаотын сатушылар мен әуежайлар арасында бәсекелі орта құруды көздеп отырмыз", - дейді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу