Еліміздегі жетекші музей-қорықтардың аумағына визит орталықтар салынады

920

Олардың қатарында "Есік" және "Берел" қорғандары бар.

Еліміздегі жетекші музей-қорықтардың аумағына визит орталықтар салынады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар алаңындағы есеп беру кездесуі барысында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еліміздегі барлық жетекші республикалық музей-қорықтарының аумағында визит орталықтар салу жоспарланған. Мәселен, былтыр "Ұлытау" музей-қорығының маңында визит орталық құрылысы аяқталды. 2021 жылдың соңына дейін "Гауһар ана" және "Ордабасы" визит орталықтарын салып бітіру жоспарланған. Сонымен қатар "Есік" және "Берел" қорғандарының маңында 2022 жылы туристерге арналған кешен ашылмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде", деді министр. 

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша маусымның соңына қарай Ұлытауда "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұған қоса шілде айында Шығыс Қазақстан облысында "Абай жолымен" атты ақпараттық тур өткізу жоспарланған.

"Бұл туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында көзделген іс-шаралардың бір қатары",  деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу