Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2016 жылы 1%-ды құрады деп көрсетілген жұма күні үкіметтің кеңейтілген отырысында таратылған ақпараттық материалда.
"Алдын ала жасалған мәлімет бойынша, ЖІӨ-нің 2016 жылғы өсімі 1%-ды құрады", – делінеді ақпаратта.
Экономиканың өсіміне құрылыс (7,9%-ға), ауыл шаруашылығы (5,5%-ға), көлік (3,8%-ға), өңдеуші өнеркәсіп (0,7%-ға) секілді секторлар оң әсер еткен.
Тауар өндіру 1,3%-ға, көрсетілген қызмет көлемі 0,8%-ға артқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу