Еліміздегі жол жобалары FIDIC қағидаттарымен реттеледі

542

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде барлық жол жобаларына халықаралық стандарттарды енгізу жұмысы жүргізіліп келеді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздегі жол жобалары FIDIC қағидаттарымен реттеледі

Бүгінгі таңда FIDIC келісімшарттары бойынша Қазақстанда бірқатар автожол жобалары іске асырылып жатыр. Атап өтер болсақ, "Балқаш - Бурылбайтал - Күрті - Қапшағай", "Қандыағаш - Мақат" және "Атырау –Астрахань - РФ шекарасы" жобалары.

"FIDIC-те тараптардың келісім-шарттар бойынша өзара қарым-қатынастары егжей-тегжейлі көрсетілген. Талап пайда болған жағдайда қандай шара қолдану керектігі жіті айтылған. Тәуекелдер мен сыйақыларды әділ үлестіру бүге-шүгесіне дейін жазылған, әрбір тармақ ескерілген", – деп айтты "Балқаш-Бурылбайтал" автожолы учаскесі жобасының жетекшісі Пак Чун Сун.   

FIDIC немесе халықаралық инженер-консультанттар Федерациясы 1913 жылы құрылған. Бұл орган әлемнің 100-ден астам елінде бар. FIDIC-те бір миллионнан астам инженерлік маман, 40 мыңға жуық фирма жұмыс істейді.

"Кореяда инженер-консультанттар қауымдастығы FIDIC бойынша арнайы білім беру бағдарламаларын дайындайды. Әдетте инженерлік компаниялар жұмыс берушілер мамандарды оқытуға ақы төлейді. Бағдарлама үш айға созылады, содан кейін сертификаттар мен дипломдар беріледі. Бірақ FIDIC-ке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен, сіз үнемі оқып, біліміңізді жаңартып, жетілдіріп отыруыңыз керек", – деп Пак мырза халықаралық тәжірибемен бөлісті. 

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға автожол саласына FIDIC халықаралық қағидаттарын енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл жол саласын тиімді басқаруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік береді деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу