Еліміздегі жұмыссыздардың 17%-ы – жастар

1057

Қазақстанда әрбір төртінші жұмыссыз жас 6 айдан бері жұмыс таба алмай жүр. 

Еліміздегі жұмыссыздардың 17%-ы – жастар

Елде жұмыссыз жүргендердің 17%-ы – жастар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың 4-тоқсанында (қазан, қараша, желтоқсан) елімізде 15-28 жас аралығындағы 76,6 мың жас жұмыссыз жүрген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға аз. Оның ішінде 32,5 мың ер адам және 44,1 мың әйел адам бар. 48 мың жас қалаларда, 28,6 мыңы ауылдарда тұрады.

Қазақстандағы жұмыссыз жастардың үлесі – 16,9%. Бұл еліміздегі барлық жұмыссыз азаматты қоса есептегенде. Өткен жылы бұл көрсеткіш 18,4% болған еді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,6%. Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: 4,4% және 2,9%.

Жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматыда тұрады: Қазақстандағы жұмыссыздардың 18,9%-ы немесе 14,5 мың адам. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз.

Тізімде бұдан кейін Алматы (9,7 мың адам) және Түркістан (6,7 мың адам) облыстары тұр.

Жұмыссыздар саны Солтүстік Қазақстан (жылына 34,3%-ға) және Павлодар (33,9% - ға) облыстарында айтарлықтай өскен: әр өңірде 2,1 мың адам жұмыссыз отыр.

Сонымен қатар Ақмола облысында да жұмыссыздар саны айтарлықтай өскен: 2,4 мың адамға дейін (жылдық өсім 22,8%).

Жұмыссыздар саны Ақтөбе облысында 2,1 есе азайған: мұнда 1,2 мың жұмыссыз бар.

Барлық жұмыссыз жастың 21,1 мыңы (өткен жылмен салыстырғанда
21%-ға көп) 3-тен 6 айға дейін жұмыс іздейді.

Тағы 21 мың адам 1-ден 3 айға дейін жұмыс табуға тырысады. 14,5 мың жас 6 айдан 1 жылға дейін, 13,9 мың жас бір айдан аз уақыт жұмыс іздейді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу