Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9%

724

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9% Фото: azattyq-ruhy.kz

Еліміз бойынша экономиканың әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылған.

Олардың ішінде 6,9 млн-ы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

“15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 65,3% құрады”, - делінген хабарламада.

Халықтың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (12,7%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (12,4%) салаларында жұмыс істейді.

“2022 жылы елімізде 458,3 мың жұмыссыз адам болды. 15 пен 28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады. NEET жастарының жұмыссыздық үлесі – 6,5%. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы желтоқсан айының соңына 132,3 мың жұмыссыз ресми тіркелген”, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ақпаратқа сәйкес, тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 1,4%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу