Елімізден соңғы 10 жылда 10 млрд доллар заңсыз шекара асырылған. Бұл фактілер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалған. Мұндай ақпаратты еліміздің Бас прокуратурасы таратты. Шетелге кеткен қаражат Қазақстан жалпы ішкі өнімінің 8,1 пайызын құрайды. Прокурорлар бұл активтерді кері қайтаруға өзге мемлекеттерге сұрау салып, шоттарды қамаққа алатын білікті отандық тергеушілердің жоқтығы қол байлау болып отырғанын айтады. Тек, өткен жылдан бері ғана шетелдегі қаражатты қайтару жөнінде жоба қолға алынып, Еуропа мен Азияның ақпараттық желісіне қосылған. Осының арқасында прокурорлар 60 млн доллардың шотына тұсау салып, қазір бұл сомманы кері қайтарумен айналысуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу